ОҚО кәсіпкерлік мектебінде жаңа оқу маусымы басталды

Мектеп кәсіпкерлік негіздері, тақырыптық семинар-тренингтер оқу курстарын өткізіп және өндірістік немесе шаруа қожалық аймақтарында тәжірибелік мастер-кластар ұйымдастырады, деп хабарлайды өір басшысының бапсөз қызметі. Жалпы оқу мерзімі 10 күн, оның 2 күні тәжірибелік мастер-кластар. Оқу барысында тыңдармандар бизнес жүргізу бойынша білім алып, бизнес-жоспар құруға дағдыланып, мемлекеттік тапсырыс бойынша сатып алу ережелерімен танысу сияқты көптеген маңызды мағлұмат алуларына мүмкіндік бар. Сонымен қатар, кәсіпкерлік саласында оқу курсын сәтті аяқтағандарға кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулықтар, Кәсіпкерлік мектебінің түлектеріне орыс және мемлекеттік тілдерінде авторлық «Шаруа жолсерігі» технологиялар жиынтығы кітабы мен «Кіші бизнеске 100 идея» атты бизнес-жоспарлар жиынтықтары беріледі. Сондай-ақ, оқу курсын аяқтағанын растайтын сертификат тапсырылады. Аталған Кәсіпкерлік мектебінің сертификаты, «Ырыс» МФҰ -нан төмен пайызды шағын несие алуларына толық мүмкіндік береді. Үстіміздегі жылдың басынан оқу курсын өтуге облыс бойынша 500 - ден астам адам өтініш тапсырған болса, 8 ақпаннан бастап 230 адам оқуды бастап кеткен. Айта кетсек, оқу курсын Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығының барлық аудан филиалдарында өтуге толық жағдай жасалған. Толығырақ мағлұматты www.kasip.info.kz сайтында немесе +7(7252)99-80-77 телефон арқылы алуға болады.