ОҚО кеденшілері контрабандалық валютаның ірі партиясын тәркіледі

ШЫМКЕНТ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері контрабандалық валютаның ірі партиясын тәркіледі.
None
None
Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.Өзбекстан азаматы «Қазығұрт» бекетінде кедендік тексерістен өтеді. Ол 65 000 теңгені және 1 300 долларды енгізгенін көрсетіп декларация толтырады. Алайда ер адамның жүріс-тұрысынан секем алған кеденшілер оның «Мерседес» маркалы автокөлігін жете тексеруді ұйғарады. «Мерседестің» жүк салғышынан жол сөмкесі алынды. Онда мәшине иесінің киімдері арасынан ресімделмеген ақша ? 40 000 доллар жасырылған болып шықты.
Соңғы жаңалықтар