ОҚО мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының жартысынан көбінің қарыздары бар
деп хабарлады ОҚО Қаржы басқармасы бастығының орынбасары Ысмайылбек Шалабаев ведомствоның өткен жылдың қорытындысына арналған есептік отырысы барысында.
ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов шығынды мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың одан әрі қызмет істей беруіне күмәнмен қарады. «Олардың жұмысын саралау қажет. Біреулерін біріктіріп, кейбірін қысқарту қажет. Қарызы барларға мемлекеттік сатып алуларға жолды жабу қажет», - деді басқарманың жұмысына баға берген А.Мырзахметов.
Ол сонымен қатар болашақта мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды құру облыс әкімдігімен келісіліп жүзеге асырылуы керектігін атап өтті. Аймақ басшысы қаржылық басқарма басшысына аптаның аяғына шейін қаржылық тәртіпті бұзуға жол берген мемлекеттік құрылымдардың басшыларының тізімін дайындау туралы тапсырма берді.