ОҚО мереке күндері 160-тан астам қылмыстың ізін суымай ашылды

ШЫМКЕНТ. Қазақпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары мереке күндері күшейтілген режімде жұмыс істеді, деп хабарлайды Қазақпараттың аймақтағы тілшісі.

ОҚО мереке күндері 160-тан астам қылмыстың ізін суымай ашылды

«Күн сайын екі мыңдай полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қадағалауға шықты. Олар көшелер мен адам көп жиналатын орындарды қадағалады. Нәтижесінде, төрт күннің ішінде 160-тан астам қылмыстың ізі суымай ашылды», дейді облыстық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Қылмыстың дені өзгенің мүлкін иемдену мен пәтер тонауға қатысты болған. Мәселен, ел жаңа жылды тойлап жүргенде, тәртіп сақшылары бейнебақылау қондырғысының көмегімен дүкен тонаған күдіктіні ұстаған. 25 жастағы жігіт сауда орнының терезесі арқылы 30 қорап темекіні қолды еткен. Алайда, көп ұзамай тәртіп сақшыларының қолына түскен. Қазір, сезікті Шымкент қаласы, Абай аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. 

Алмас Сұлтан