ОҚО-ның 7 мыңнан астам тұрғыны «аз қамтылғандар» санатынан шығарылды

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, былтырғы жылы 18,1 мың азамат атаулы әлеуметтік көмек алды. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 9,3 мың адамға (2 есеге) аз. Ал 18 жасқа дейінгі 227 мың балаға 3,4 млрд. теңге жәрдемақы төленіп, бұл көрсеткіш керісінше 3,8 мың адамға артты. Сол секілді 8,5 мың отбасыға тұрғын үй көмегі берілді. Демеушілер тарапынан аз қамтамасыз етілген 9533 азаматқа әлеуметтік қолдаулар ұйымдастырылды.
«Аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру жағдайы да толық шешілген. Жыл сайын 6 мыңға жуық жекелеген санаттағы азаматтар арнайы орындарда демалып, емделеді. 5141 мүгедекке гигиеналық заттар сатып алынса, 1343 мүгедекке жеке көмекші қызметі және 573 мүгедекке арнайы маман қызметі көрсетілді», - делінген баспасөз хабарламасында.