17:16, 05 Сәуір 2012 | GMT +5
ОҚО-ның Дін істері департаментіне жаңа директор тағайындалды
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі бұйрығымен

Оңтүстік Қазақстан облыстық Дін істері департаментінің директоры болып Батырбек Жалмұрзаев тағайындалды.
ҚР Дін істері агенттігінің мәліметінше, Б. Жалмұрзаев бұл қызметке тағайындалғанға дейін ОҚО әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы бастығы қызметін атқарды.