ОҚО-ның екі ауылында мәдениет үйлері пайдалануға берілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі аясында және Астана күні мерекесіне орай, Сарыағаш ауданындағы Ақтөбе және Тегісшіл ауылдарында екі мәдениет үйі ел игілігіне берілді.
None
None

ОҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі елдімекендегі ғимараттардың ашылуына облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Е.Тілеубердиев пен Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасарлары А.Есбаев пен Қ.Қыстаубаевтар қатысты. Пайдалануға берілген мәдениет нысандарының екеуі де толықтай құрал-жабдықтармен, компьютерлермен және жиһаздармен қамтамасыз етілген. Мәдениет үйлерінің жанында кітапхана, оқу залы, жоғары жылдамдықта істейтін интернет пен телефон байланыстары бар.

Ауданның Ақтөбе ауылдық округіндегі Қызыләскер елді мекенінде орналасқан 150 орындық мәдениет үйінің құрылысына облыстық бюджеттен 91 млн теңге қаржы жұмсалған. Ал Тегісшіл ауылдық округіндегі Таскескен елді мекенінде орналасқан 75 орындық мәдениет үйіне облыс қазынасынан 61 млн теңге қаралған.

Жалпы аудан бойынша осы жылы мәдениет нысандары жоқ ауылдық округтер мен елді мекендерге мәдениет нысандары, яғни, ауылдық клуб пен кітапханалардың құрылыстары жүргізілуде. Оның ішінде, Сарыағаш қаласы және Бірлік, Жібек жолы, Құркелес ауылдық округтерінде мәдениет нысандарының құрылысы осы жылы аяқталып, «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы меркесіне орай, халыққа осы жылдың қыркүйек айына дейін толық пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, биыл 4 саябақ пен 1 мәдениет үйінің жобалық сметалық құжаттары дайындалып, облыстық салалық басқармаға тапсырылды.

null null  

  

Соңғы жаңалықтар