ОҚО-ның ескек есушілері болашақ чемпиондарды балалар үйлерінен іздестіруде

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Оңтүстік Қазақстан облысының каноэ мен байдаркада есу федерациясының бапкерлері Леңгір аудандық балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Балалар үйінің тәрибеленушілері ескек есу, байдарка мен каноэ есу және желкенді спорт туралы әңгімелерді мұқият тыңдады. Олар осы спорт түрінен бөлімшелердің қатарын толықтыруға ықылас танытты. Осыдан соң ОҚО федерациясының президенті Денис Жарменов аталған спорт түрлерімен айналысуға ниет білдірушілер арасында осы мектептен арнайы сынып ашу туралы ұсыныс жасады.

«Су спорты түрлері мектебінің сыныбына ай сайын арнайы қаржы бөлініп отырады және балалар оқу кезінде тегін тамақтанатын болады. Арнайы сынып 30 адамнан құрылатын болады және өз жұмысын қысқы демалыстардан соң бастайды»,-деді Жарменов.

Осылайша, федерация ескек есу спортынан резервтерін толықтыруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар