13:57, 03 Қазан 2012 | GMT +5
ОҚО-ның кеденшілері 40 тонна контрабанданы тәркіледі
ШЫМКЕНТ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанның кеденшілері халық тұтынатын 40 тонна контрабанданы тәркіледі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасының қызметкері Пернебек Біләлбековтың сөзіне қарағанда, қазақстан-қырғыз шекарасынан алыс емес жерде 300 қорап пен 272 тең табылды.
Белгілі болғандай, тауар Орал мен Ақтөбе, Астана мен Ресейдің базарларына арналған, теңдердің ішінде негізінен киімдер болды. Тексеру амалдары жүргізілуде. Контрабандаға қатысы бар адамдар мен тауардың бағалық құны анықталу үстінде.