ОҚО-ның құрайтын кәсіпорындарындағы сатып алудың қазақстандық үлесі 2010 жылы 72 пайызды құрады

ШЫМКЕНТ. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының жүйе құрайтын кәсіпорындарындағы сатып алудың қазақстандық үлесі 2010 жылы 72 пайызды құрады, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Оңтүстік Қазақстанда қазақстандық үлесіне мониторинг жасалатын тауар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алумен айналыстан ұйымдардың қатарына үш кәсіпорын кіреді, олар - «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Химфарм» АҚ мен «Шымкентцемент» АҚ.

Әкімдіктің хабарлауынша, 2010 жылы осы кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемі 7 млрд. 435,2 млн. теңгені құрады. Оның ішінде қазақстандық үлес 5 млрд. 353,, млн. теңге немесе 72,0 пайыз болды. 6 млрд. 90,9 млн. теңгенің тауарлары сатып алынды, оның ішінде қазақстандық - 6 млрд. 990,1 млн. теңгеге. Нәтижесінде қазақстандық тауарлардың үлесі 58 пайызды құрады. Жұмыстар мен қызметтер 1 млрд. 343,7 млн. теңгеге алынды, ондағы қазақстандық үлестің көлемі 98,8 пайыз.

Соңғы жаңалықтар