15:50, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
ОҚО-ның Мақтаарал ауданында ер адам суға батып кетті (ФОТО)
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында ер адам суға батып кетті.

Құтқарушылар 1954 жылы дүниеге келген жергілікті тұрғынның денесін судан Өзбекстан шекарасынан 100 жерде орналасқан 4,5 метр тереңдіктен алып шықты, деп хабарлады ОҚО ТЖД құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишенин.
Анықталғандай, Диқан кентінің тұрғыны 2015 жылдың 31 желтоқсанында үйінен шығып, туыстары ол туралы 4 қаңтарға дейінеш хабар-ошар алмаған. 4 қаңтарда іздеу-сүңгуір жұмыстарын жүргізу үшін жедел-құтқару жасағы шақыртылды. Бес құтқарушы 20 минуттың ішінде ер адамның мүрдесін судан алып шығып, оны өлімінің себебін анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды.