13:48, 16 Қазан 2013 | GMT +5
ОҚО-ның мас тұрғыны Астанада ерлі-зайыптылардың өмірін қиды
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Астанада ішімдікке сылқия тойған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ерлі-зайыптыларды өлтірді.

Бұл туралы елордадағы брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.
«Қайғылы оқиға «Алматы» ауданындағы үйлердің бірінде болған: 30 жастағы ер адам жанжал кезінде қаланың 59 жастағы тұрғынына пышақ салып өлтірген. Кейін дәл сол үйдің ауласында қылмыстың ізін жасыру үшін оның әйелін де о дүниеге аттандырған, - деді ҚР ІІМ ресми өкілі.
Н.Ораздың сөзіне қарағанда, қандықол қылмыскер қаза болған адамның 17 жастағы немере қарындасына да қол жұмсамақ болған. «Қыз пышақ жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні полицейлер қолға түсірді. Ол қамауға алынды», - деп нақтылады ҚР ІІМ ресми өкілі.