ОҚО-ның Отырар ауданында 400 мың тонна шұбат өндірілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында 400 мың тонна шұбат өндірілді.
None
None

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданда түйе сүтін шығаратын 2 кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Осылайша, «Үсенов Н» шаруа қожалығында тәулігіне 2500 литр шұбат өндіріледі. Кәсіпкер өндірісті дамыту үшін Түркіменстаннан «Дромонер» тұқымды түйелердің 376 басын жеткізді.

Бұл өндіріс ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының аясында іске қосылды, енді мұнда шұбаттан басқа айраны бар сүт те шығарылады. Бүгінде «Маяқұм шұбаты» сауда белгісімен шығарылатын оңтүстікқазақстандық шұбат елдің барлық аймақтарында сатылуда. Өндіріс енді ғана жұмыс істей бастағанда, 400 тонна өнім шығарылған. Қазіргі кезде өндіріс көлемі тәулігіне 1350 тоннаға жетті. Кәсіпкер қытайлық мамандармен түйе сүтін ұнтақ түрінде шығару өндірісін ретке келтірмек, бұл оны эспортқа шығаруға мүмкіндік береді.

Отырар ауданындағы тағы бір кәсіпорын - «Гүлмайра» шаруа қожалығы шұбатты «Отырар Шұбаты» сауда белгісімен шығарып жатыр. Мұнда тәулігіне оған қоса 750 литр қымыран да өндіріледі. Бір айда сүт өнімінің жалпы көлемі 22 тоннаны құрайды.

Соңғы жаңалықтар