ОҚО-ның Сайрам ауданында жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 12 жоба мақұлданды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 12 жоба мақұлданды.
None
None

«Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойыншва 6495,4 млн. теңгенің 12 жобасы мақұлданды», деп хабарлады Сайрам ауданының әкімі Уәлихан Қайназаров брифингіде.

Оның айтуынша, 2012 жылдан бері бағдарлама бойынша жалпы сомасы 24923,8 млн. теңгенің 65 жобасына қолдау көрсетілді. Шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде үлкен жұмыс жүргізілді. Биылғы жылы 176 нысан ашылды. Сонымен бірге, 2014 жылдың 10 айы ішінде Сайрам ауданындағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар 37,3 млрд. теңгенің өнімдерін шығарды. Әкім мұның өткен жылмен салыстырғанда, 1,9 пайызға көп екенін атап өтті.

«2014 жылы ҮИИД бағдарламасы ауқымында 22 жоба іске қосылды. Олардың арасында қуаты 1 мВт күн электр стансасы, жыл сайын 4 мың тоннаға жуық өнім бере алатын өнеркәсіптік интенсивтік бақ және басқа да жобалар бар. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін зауыт жаңартылды», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар