ОҚО-ның Сайрам-су шатқалында өрт шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданың аумағында орналасқан Сайрам-су тау шатқалынан өрт шықты. Жергілікті туристердің айтуынша, жалын шарпыған аумақ ауқымды болғандықтан оны сөндіру ұлттық парк қызметкерлеріне қиынға соққан, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Шымкенттік тұрғын Антон Даниловтың сөзінше, Ұлттық паркке қарасты аумақта өрт біраз жерді алып кеткен. Оны ауыздықтау үшін табиғат қорғаушыларына тауға арнайы техникамен шығып, сөндіруге тура келіпті. Бірақ жалын жан-жаққа тез тараған. Оқиға орнында болған өзге саяхатшылар болса тауда негізінен құрғақ шөп өртеніп, Сайрам су шыңына жетті деп отыр. Себебі, онда аршалы орман бар екен. Ол ағаштар  өртенгенде майы шығып, жалынды одан сайын үдететіп жіберген.

Өңірдің төтенше жағдайлар қызметі өртке қатысты нақты мәлімет таратқан жоқ. Тек туристер өрттің кешкі сегізге дейін сөндірілгенін, салдарынан табиғатқа едәуір зиян келгенін айтып отыр.  

Соңғы жаңалықтар