ОҚО-ның үш тұрғыны астаналық азаматты ұрлаған және ресейліктен ақша бопсалаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Астана қ. ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 21 жастағы Астана тұрғынын ұрлады және РФ азаматынан ақша бопсалады деген күдікпен ОҚО-ның үш тұрғынын ұстады.
None
None

Астана қ. ІІД баспасөз қызметінен атап өткендей, ұсталғандардың бәрі бұрын істі болғандар.

Ағымдағы жылы 21 жастағы Астана тұрғыны бір тәулікке жуық уақыт бойы пәтерлердің бірінде ұстап, қысым көрсету арқылы ақшасы мен жеке мүлкін тартып алған белгісіз адамдарды жауапқа тарту арызымен келді.

Кейін қаскөйлер Ресей азаматының көлік сатып алу үшін Астанаға келгенін біліп, күш көрсету арқылы оны пәтерге апарып, 1,5 млн. рублін тартып алған.

Аталған фактілер Астана қ. ІІД сот алдындағы істердің біріңғай реестріне тіркеуге алынды. ҚР ҚК 125 («адам ұрлау») және 194 «бопсалаушылық» баптары бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстарын бастады.

Күдіктілер Астана ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар