ОҚО-ның жаңа логотипі өңірде шығарылған өнімдер мен киім-кешекті жарнамалау мақсатында пайдаланылмақ

«ON» бренді - «оңтүстік» сөзінің басқы әріптері ғана емес, қазақ тілінен аударғанда «оң» сөзі «дұрыс», «тура» деген мағынаны білдіреді. Облыс әкімі жаңа логотиптің Оңтүстік Қазақстан облысының танымалдылығын арттыруға мүмкіндік беретінін, ал логотиптің аудармасы дұрыс шешімдер қабылданып отырғанын тағы бір дәлелдейтінін атап өтті.
ОҚО-ның жаңа бренді туралы 2016 жылдың қаңтар айында сөз етілді, ол кезде Бейбіт Атамқұлов ОҚО-ның логотипі қандай болатынын түсіндірді.
«Біздің брендіміз оңтүстік өлкені бейнелеуі тиіс. Бұл бренд бірде бір әлемдік брендке ұқсамауы керек. Біздің аймағымызға келіп, бренд тауарларды көрген қонақтар өздерінің Оңтүстік Қазақстанда жүргенін сезінуі тиіс. Оған қоса, логотип ең басты құндылықтарға ие болуы керек», - деді ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов.
Брендтің авторы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Серік Бүксіков оның жұмысымен бірнеше ай айналысқан. Нәтижесінде негізінде облыстың көрікті жерлері, Ұлы Жібек жолы жүрегінің бейнесі, қызғалдақтар мен экотуризмнің шынайы отанының бейнесі енген бренд жасалды. Логотиптер бірнеше үлгіде берілді, оларды ОҚО-да шығарылған өнімдерде, киім-кешекте, жарнамалық мақсатта пайдалануға болады.