ОҚО Отырар ауданы әкімінің орынбасары 50 000 доллар парамен ұсталды

ШЫМКЕНТ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Отырар ауданы әкімінің орынбасарын пара алу кезінде ұстады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шенеунік қызметтік бөлмесінде «ОҚО Құрылысинвест» ЖШС директорының орынбасарынан ақша алу сәтінде  ұсталды. Елу мың доллар (7,5 млн. теңге) - шенеунік құрылысшылардан осыншама сома бопсалаған. Бұл жөнінде «ОҚО Құрылысинвест» ЖШС басшылығы департаментке маусымда хабарлаған. Құрылыс фирмасының директоры әкімінің орынбасары мемлекеттік сатып алу конкурсында фирма ұтып алған соманың 10 пайызын талап еткенін мәлімдеді. Осы аудандағы жол жөндеуге арналған конкурс сомасының өзі 75,085 млн. теңгені құраған. Өз тарапынан шенеунік құрылысшыларға жұмыстарды орындау кезінде қамқорлық танытуға уәде еткен.

Ұсталған адам тергеу абақтысына қамалды, «пара алғаны үшін» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар