ОҚО: Отырар ауданында «Эко стилдегі өмір» атты лекциялар мен ашық сабақтар өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданындағы барлық білім беру мекемелерінде «Эко стилдегі өмір» атты лекциялар мен ашық сабақтар өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Келер жылы елордамыз - Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін, жасыл технологиялардың артықшылықтарын, болашақтың энергиясын алу мүмкіндіктерін насихаттау, оқушылардың бойына елжандылық, патриоттық рухты сіңіру мақсатында өткізілген шараға аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш қатысып, ұстаздар мен оқушыларды шиек ғасырлық егемендігімізбен құттықтады. Білім ұяларында өткен шарада ұстаздар өздері әзірлеген көрнекіліктер арқылы шәкірттерге ендігі жылдың ортасында елордада өтетін халықаралық көрменің маңызы мен артықшылықтары туралы мәліметтер беріп, бейбіт елімізді әлемдік аренаға танытатын тағы да бір мүмкіндік екендігін жеткізді.

Барлық пәндер бойынша өткен шарада оқушылар өздерінің тақырыпқа сай туындылары мен еңбектерін паш етіп, елдің болашағына бейжай қарамайтындығын байқатты. 

Айта кетейік, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдың басты оқиғаларының бірі болмақ. Көрменің тақырыбы - Болашақ энергиясы. 

Соңғы жаңалықтар