ОҚО полицейлері бір күндік жалақыларын Тараз және Алматы қалаларында қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына көмек ретінде аударады

ШЫМКЕНТ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Тараз және Алматы қаларында қызметтерін атқару кезінде оқтан қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына қаржылай көмек ретінде 9 млн. теңгеден астам ақша аударады.
None
None

«Өткен аптада Тараз және Алматы қалаларында полиция қызметкелерінің өліміне әкеліп соққан оқиғаларға облысымыздағы ішкі істер органдарында жұмыс істейтін бірде бір қызметкер бей-жай қарай алмады. Полиция қызметкелері өз өмірлерін қатерге тіге отырып, қылмыскерге қарсы шықты. Олардың аттары әріптестерінің жадында мәңгіге қалады», - дейді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Соңғы жаңалықтар