ОҚО прокуратурасы мемлекет кірісіне 1,1 млрд теңге түсімді қамтамасыз етті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғау аясында ОҚО прокуратурасы мемлекет кірісіне 1,1 млрд теңге аударды, сомасы 3 млрд теңге 2014 жылға көлік салығы бойынша берешек ашылды, прокурорлық ден қою актісі бойынша оны өндіріп алуға шаралар қабылдануда (25 млн өндіріп алынды).
None
None

Бұл туралы отырыс барысында хабарланды.

Прокурорлар 30,7 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл өндіріп алды, тұтастай прокуратура патронажымен соңғы бес жылда мемлекет кірісіне сомасы 8 млрд теңгеден астам айыппұл аударылды ( 2011-1,1 млрд., 2012-1,4 млрд., 2013-3,4 млрд., 2014-1,3 млрд., 2015- 595 млн.тг). Соңғы 5 жылда мемлекеттік сатып алудың 54 нәтижесін жою бюджет қаражатының ысырапсыз жұмсалуын болдырмауға ықпал етті. 2011 жылмен салыстырғанда, осы жылы қайтарылған қаражат 248 пайызға, яғни 11 млн теңгеден 383 млн теңгеге өсті (2011-11 млн., 2012-12 млн., 2013-575 млн., 2014-55 млн., 2015-383млн.).

Соңғы жаңалықтар