23:14, 25 Шілде 2015 | GMT +5
ОҚО прокуратурасы «Түрмеге отырушылар» санын азайтудың 10 шарасы» бойынша есеп берді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО прокуратурасы «Бітімгершілік-Примирение» бағдарламасы және «Түрмеге отырушылар» санын азайтудың 10 шарасын» іске асыру аясында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Қазақстанның «Түрме индексі» аясында 50 мемлекеттің қатарынан шығу мақсатында прокурорлар бас бостандығынан айыруға байланысты жазалар тағайындауға елеулі назар аударуда.
ОҚО прокуратурасында 2015 жылғы 1-ші жартыжылдық жұмысының қорытындысы бойынша өткен алқа отырысының барысында қызметтің негізгі бағыттарының бірі экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа айыппұл түрінде жаза қолдануды қамтамасыз ету болды.
Мысалы, осы жылғы 6 айда 30 сотталушыға 239,1 млн теңге айыппұл салынды, оның 45 млн өндірілді. 189 қылмыстық іс бойынша 14 млн теңгенің 3 млн теңгесі өндірілді.