ОҚО прокуратурасына 6 ай ішінде 94 жалған шағым түскен

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО прокуратурасында 2015 жылғы 1-ші жартыжылдық жұмысының қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті.
None
None

Облыста ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы бойынша (көрінеу жалған сөз жеткізу) 94 іс тіркеліп (2014 жылдың 6 айында - 64), 46,8 пайызға өскені байқалды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

9 қылмыстық іс бойынша жалған шағым түсірген айыптылар қылмыстық жауапкершілікке тартылған (бесеуі айыптау актімен сотқа жолданды, екі іс бойынша процессуалдық келісім жасалды, екі іс тоқтатылды), бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есеге көп. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 іс қаралды, оның бірі сотқа жолданса, екі іс ақталуына байланысты тоқталған.

Жедел-іздестіру қызметінде заңдылықты қадағалау бойынша 124 тексеріс жүргізілді, 505 нұсқау енгізілді, олардың 13-і қылмыс ашуға, 90-ы іздеу салынған адамдарды табуға септігін тигізді, прокурорлық елеу актілері бойынша 116 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар