ОҚО соты үш полиция қызметкерін күдіктіні ұрып-соғуда кінәлі деп тапты

ШЫМКЕНТ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанның облыстық сотында үш полиция қызметкерінің үстінен апелляциялық сот үдерісі аяқталды. Оларды ұсталған ер адамды ұрып-соғуда кінәлі деп тапты.
None
None

Бірінші инстанция соты үш тәртіп сақшысына айыптау үкімін шығарды, алайда сотталушылар оған қарсылық білдіруге тырысты. Дегенмен аудандық соттың үкімін облыстық сот өзгеріссіз қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Сарыағаш ауданының полицейлері жергілікті тұрғынды ұстап, оны мал ұрлауда айыпты санады. Полицейлер оны ұрып-соғу арқылы кінәсін мойындатпақ болған. Алайда ұсталған ер адам өзінің кінәсін мйындамай, прокуратураға шағымданды. Тексеру амалдарының барысында айыпталушыға зорлық-зомбылық көрсетілгені расталып, дәлелденді.

Полицейлердің бірі үш жылға, екіншісі екі жылға сотталды. Ал үшінші полиция қызметкері бір жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар олардың үшеуі де полиция шендерінен айырылды.

Соңғы жаңалықтар