ОҚО спортшылары Олимпиадаға 12 жолдама жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО спортшылары алдағы Олимпиада ойындарына 12 жолдама жеңіп алды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.
None
None

«Өткен жыл біздің спортшылар үшін ерекше болды. Спортшылар 1385 медаль жеңіп алды (519 алтын, 450 күміс, 416 қола). Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына ұтып алынған 12 жолдаманы ерекше мақтан тұтамыз. Маусым айына дейін біздің спортшылар тағы жолдама алады деген үміт бар», - деді әкім.

Айта кетейік, бұгінде өңірде бұқаралық спортпен жүйелі түрде 600 мыңнан астам адам айналысады.

Соңғы жаңалықтар