19:10, 09 Маусым 2016 | GMT +5
ОҚО түлегінің орнына ҰБТ-ны алматылық жігіт тапсырмақ болған - БҒМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО түлегінің орнына ҰБТ-ны алматылық жігіт тапсрмақ болған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«8 маусым күні №790 ҰБТ өткізу пунктында (Оңтүстік облысының Сарыағаш ауданы) оқушыларды тестілеуге кіргізу кезінде министрлік өкілдері Т. Айбергенов атындағы мектеп түлегінің орнына басқа адамның келгенін анықтады», делінген хабарламада.
Аталған оқиға бойынша тиісті акті жасалып, тәртіп бұзушы азаматты анықтау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылған.
Сарыағаш аудандық ІІБ ақпараты бойынша, түлектің орнына тестілеуден өтпек болған Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, қазір Алматы қаласында тұратын 1996 жылғы жігіт екендігі анықталған.