ОҚО жұртшылығы Наурыз аясындағы «Жайнау күнін» тойлап жатыр

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыз мерекесін тойлау туралы іс-шаралар жоспарына сәйкес 19 наурыз облыста «Жайнау күні» ретінде аталып өтілуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Ұлыстың ұлы күнінде ата-бабаларымыз жаңа киімдерін киіп, мүмкіндігінше үй ішін жаңалап, жайнатып қоятын болған. Мереке қарсаңында барша адамзат көтеріңкі көңіл-күйде болатыны белгілі. Биыл Наурыз мерекесін ерекше атап өтіп жатқан Оңтүстік осындай дәстүрді жаңғыртуда.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл күні бекітілген мерекелік жоспарларға сәйкес, облыстағы барлық ауылдар мен қалаларда Ұлыстың ұлы күніне орай көшелерді безендіру жұмыстары аяқталды. «Шымкент қаласындағы атшабардан басталып, Жастар басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған патриоттық рухтағы іс-шараға 20-дан астам автокөлік пен 200-ден астам жастар қатысып, арнайы автошеру өткізді», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар