ОҚО: Жылдың соңғы аптасында 48 әлеуметтік нысан ашылды

Өңірдің түкпір-түкпірінде салынған 9 денсаулық сақтау ұйымдары жұмыс істеп, 11 елді мекенді табиғи газбен жабдықтаудың 6 жобасы іске қосылды, 3 балабақша пайдаланға берілді. Бұдан бөлек, Шардара балық зауыты қайта құрылымдаудан өткізілсе, Шаян қаласында кәсіптік колледждің оқу ғимараты мен жатақханасы пайдалануға берілді. Ал Созақ ауылдық клубы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимараттары қайта салынды, Сарыағаш қаласындағы бұрынғы жатақхана ғимараты жаңартылып тұрғын үй ретінде баспана кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Түркістан қаласында 150 орындық мектеп пен қолөнер шеберлерінің орталығы ашылды, Шардара қаласының кәріз жүйелері қайта салынып, Көксу ауылының тұрғындары ауыз сумен қамтылды.
«2013 жылы республика ауқымында салынған әлеуметтік нысандардың 49 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысының үлесінде. Биылғы жылы өңірде 332 әлеуметтік мәні бар нысандардың құрылысы жүргізіліп, оның 180 нысаны ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл жобалардың басым көпшілігі облыс бюджетін оңтайландырудың нәтижесінде іске асты», - делінген баспасөз хабарламасында.