Өкпе ауруына шалдыққан сотталушылар арасындағы өлім-жітім 64 пайызға кеміді - ІІМ басшысы
«Соңғы 5 жылда сотталғандар мен тергеу алды қамауға алынғандардың жалпы өлім-жітімін 36, оның ішінде туберкулезден қаза тапқандардың санын 64 пайызға төмендетуге қол жеткіздік. Туберкулезге шалдығудың жаңа деректерінің тіркелуі 37 пайызға төмендегені байқалады. Өкпе ауруына шалдыққандар санының азаюы Павлодардағы туберкулезбен ауыратындарға арналған емдеу мекемесін таратуға мүмкіндік берді», - деді министр.
Оның атап өтуінше АҚТҚ және туберкулезбен күрес жөніндегі жаһандық қордың қайтарымсыз қаржысы есебінен жұқпалы аурулармен күрес бойынша шаралар жақсы жолға қойылып отыр. Мәселен, 2013 жылы өкпе ауруына шалдыққан сотталушыларды емдеуге жалпы құны 270 млн. теңгені құрайтын дәрі-дәрмек бөлінді.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 750 млн. теңгеден астам сомаға шамамен 640 медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алынды»,- деді Қ.Қасымов.