Оксфорд ер адамдарға юбка киюге рұқсат етті

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Оксфорд университеті трансгендерді студенттердің өтініші бойынша өзінің қатаң академиялық дресс-кодына өзгертулер енгізді, деп хабарлады ВВС-дің Орыс қызметі.
None
None

Емтихандар тапсыру мен ресми мерекелерге бару кезінде студенттер қарсы жыныстылардың дәстүрлі ресми киімдерін кие алады. Ендігіде ер адамдарға қысқа белдемше мен ұзын шұлықтарды, ал әйелдерге шалбар киіп, галстук және көбелек тағуға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, ескі тәртіп бойынша ер жынысты студенттер қара түсті костюм, аяқ-киім, ақ көбелек пен ақ жейде киетін. Ал әйелдер қошқыл белдемше мен ақ жейде, қара түсті ұзын шұлықтар мен мойындарында қара түсті лента тағуға міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар