Оқу-ағарту министрлігі балаларға арналған SIM-карта енгізуді ұсынбақшы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Мәжіліс кулуарында оқушылар арасындағы буллингпен күрес қалай ұйымдастырылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бабаларға арналған SIM-карта ұсынып отырмыз. Балаларға арналған жеке SIM-карта керек. Ол ата-аналардың бақылауында болады. Бала сол SIM-карта арқылы интернетке қосылса, міндетті түрде ата-аналардың рұқсаты сұралады. Біз осындай жүйені енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл баланың интернетте қандай сайтқа кіргенін, қандай әлеуметтік желіде отырғанын бақылауға мүмкіндік береді. Тағы бір мәселе, ол карта арқылы баланың интернетке кіретін уақытын шектей аламыз. Кейде бала түн ортасында интернетте отыратын жайттар болады», - деді вице-министр.

Экранның жанып тұратын уақытын да шектеуге болады. Міне біз осыны ұсынғымыз келеді. Мұның техникалық жағы бар. Біз Оқу-ағарту министрлігі ретінде осыны ұсынамыз», - деді Еділ Оспан.


Соңғы жаңалықтар
telegram