Оқу-ағарту вице-министрі: Былтыр 7 203 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр бала алдындағы өз міндетін орындамаған 7 203 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. Мұны Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресми деректер ата-аналардың міндеттерін орындамауына байланысыты әкімшілік құқықбұзушылық санының артқанын көрсетіп отыр. Атап айтсақ, 2022 жылы 7 203 ата-ана осындай әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылған. Ал, 2021 жылы 5 мыңнан аса осындай деректер тіркелген. Сонымен қатар, қоғамда балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа төзімсіздік мәдениетін қалыптастыру өте маңызды. 2022 жылы 39 адам балаларға қатысты құқық бұзушылықты жасырғаны үшін әкімшілік жауапкершілкке тартылған. Алайда, жасыру фактілері жалғасып жатыр. Министрлікке мыңнан аса осындай жасыру фактілері бойынша ақпараттар келіп түсуде», - деді Еділ Оспан.

Бұл мәселерді шешу үшін вице-министр ата-аналардың жауапкершілігін күшейту қажет деп санайды.

Сондай-ақ, Еділ Оспан қазір түрлі мәселесі бар 6 мың бала мектепішілік есепке алынғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар