Оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Еділ Оспан ҚР Оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі
Фото: primeminister.kz

— Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Еділ Сабырұлы Оспан басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген Үкімет хабарламасында. 

Еділ Оспанның еңбек жолы

Алматы қаласындағы «Құқық және экономика» колледжінің оқытушысы (2004)

Әр жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің оқытушысы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді (2004-2007)

ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі (2007–2010)
ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сарапшысы, инспекторы (2010–2019)
Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары (2019–2020)
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі (2020)
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2020–2021)
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі (2021–2023)
Үкімет Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі (2023)
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі (2023-2025)