Оқулықтар мен бағдарламалар арасындағы сәйкессіздік толық жойылады - А.Сәрінжіпов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқулықтар мен бағдарламалар арасындағы сәйкессіздік биылғы жылы толық жойылады. Бүгін Мәжілісте «Оқулықтардың сапасы және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету» атты тақырыптағы Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов осылай мәлімдеді.

Оқулықтар мен бағдарламалар арасындағы сәйкессіздік толық жойылады - А.Сәрінжіпов

Мәліметтерге қарағанда, Қазақстандағы балалар саны 4,6 млн. құрайды, оның ішінде мектепке дейінгі жастағы балалар саны 2 млн. 7,5 мың, мектепте 2,6 млн. оқушы білім алуда. «Бүгінгі күні мектеп оқулықтарын шығаруда 2012 жылы қабылданған стандарттар қолданылып келеді. Оның негізінде 2013 жылға сәйкес оқу бағдарламалары әзірленген болатын. Осыған орай, 2015 жылы 4-5-6 және 11-сыныптарға арналған оқулықтар сатып алынуда. Сонымен қатар ағымдағы жылы 1-7-8 сыныптарға арналған оқулықтар сараптамадан өткізіліп жатыр. Бұлар оқу процесіне 2016 жылдың қыркүйегінде енгізіледі. Осылайша, бір жылдың ішінде оқулықтар мен оқу бағдарламалары теңестіріледі. Сөйтіп, бағдарламалар мен оқулықтар сәйкессіздігі мәселесі күн тәртібінен алынып тасталмақ», - деді А.Сәрінжіпов.