Оқушылар астан уланды: Ата-аналар кәсіпкердің жазасын қатаңдатуды сұрайды

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстаудың Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында мектепте тамақтан уланған оқушылардың ата-аналарының сот үкіміне көңілі толмайды. Олардың айтуынша, кәсіпкердің жазасы тым жеңіл. Оған қоса, кейбір жәбірленушілерге өтемақы төленбеген.

Школа , образование / мектеп , білім
Фото: Kazinform / Әділет Беремқұлов

Айта кетейік, биыл сәуір айында Мұнайлы аудандық соты мектеп асханасында ас дайындауға жауапты кәсіпкер Дәметкен Шакеноваға 1 жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза кесті. Сонымен қатар, ол 22 ата-анаға 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Бірақ, басқа ата-аналар бұл шешіммен келіспей отыр. Өйткені, осы оқиғада 460 бала зардап шекті. Уланған оқушылардың ем-домына кеткен шығын барлығына бірдей өтелуі керек. Ал, кәсіпкер лицензиясынан айырылуы қажет, - дейді олар.

- Қызым уланғаннан кейін әлі күнге дейін ауырады. Иіске сезімтал болып кетті. Шыққан үкімге көңіліміз толмай тұр. Жазасы тым жеңіл, 1 жыл - аз. Барлық баланың ата-анасына өтемақы теңдей төленуі керек, - дейді ата-ана Бақыт Османова.

Еске салайық, Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында оқушылардың жаппай астан улануы былтыр қыркүйек айында тіркелді. 460 бала ауырып, ауруханаға түсті. Тексерулер нәтижесінде, асханада санитарлық талаптардың өрескел бұзылғаны анықталды.

Маңғыстауда тамақтан уланған 2 оқушы жансақтау бөлімінде жатыр.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ақтаудағы тамақтан уланған оқушылардың жағдайымен танысты.

 

Соңғы жаңалықтар