Оқушылар мен бүлдіршіндер Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік хор орындалды

АСТАНА.KAZINFORM - Елорданың мектептері мен балабақшаларында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай бір мезгілде мерекелік хор орындалды, деп жазды Астана әкімдігінің ресми сайты.

хор
Фото: Астана әкімдігі

Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған іс-шараға астаналық мектептердің 6-7 сынып оқушылары және балабақша бүлдіршіндері асталысты.

оқушы
Фото: Астана әкімдігі


– Челлендж өскелең ұрпақтың бойында анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру, эстетикалық тәрбие беру және хор өнері арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатын көздейді. Бүгін барлық қалалық білім беру ұйымдарындағыдай №116 мектеп те хор челленджін таңертеңгі сағат 10.00-де бастады. Биыл хорға барлық мектептер үшін бір ән таңдалды. «Анаға арнау» әнінің сөзін жазған Р.Наурызбаева болса, әнін жазған Ғ.Дауылбаева. Іс-шараға мектебіміздің 6-7 сынып оқушыларынан құралған 70 бала қатысты. Игілігі мол бастама шәкірттеріміздің аналарға деген шынайы құрметі мен ризашылығын білдіретін рухани іс-шараға айналды, - деді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Динара Айдарова.

оқушы
Фото: Астана әкімдігі

Челлендж бойынша түсірілген бейнероликтер әлеуметтік желілерде #анаға_арнау_хор2026 хэштегтерімен жарияланатын болады.

Айта кетейік, Халықаралық әйелдер күніне орай, 7 және 8 наурыз күндері елордада азық-түлік жәрмеңкесі өтеді.

Астанада 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мәдени, спорттық, әлеуметтік және қайырымдылық бағытындағы ондаған іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум