Оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсына 1000- ға жуық жоба ұсынады

АСТАНА. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылғы 17-27 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңін өткізеді. 

 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Конкурс 19 секция бойынша ұйымдастырылып, қорытынды кезеңге 993 оқушы 756 жоба ұсынады, оның ішінде командалық жобалар саны- 236. Ауыл мектептерінен қатысатын оқушылар саны -132.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша қорытынды кезең 17-20 ақпан аралығында Қарағанды қаласында өтеді, мұнда 370 оқушы 293 жобамен қатысады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша кезең Астана қаласында 24-27 ақпан аралығында өткізіліп, 623 оқушы 463 жобамен қатысады.

Республикалық байқауға еліміздің беделді жоғары оқу орындарының 60-қа жуық профессор ғалымдары қазылық етеді. Байқау ережесіне сәйкес, жалпы қатысушылардың 45%-і Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады.

Ең үздік жобалар жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша Қазақстан атынан Regeneron ISEF-2026 Халықаралық ғылыми-техникалық көрмесіне ұсынылады, ол 2026 жылғы 9-15 мамыр аралығында АҚШ-тың Аризона штатындағы Финикс қаласында өтеді. 

Айта кетелік 2026 жылы елімізде 47 мың оқушыға арналған 90 мектеп салынады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум