Оқушы өз бетімен олимпиадаға бара алмайды

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігі дарынды балалардың ата-аналарына мынадай кеңес берді: оза шапқан, білімді, білгір оқушылар халықаралық олимпиадаларды өз бетімен таңдамауы тиіс,

Оқушы өз бетімен олимпиадаға бара алмайды

деп жазды «Айқын» газеті бүгінгі санында.

«Осыған қатысты айтарымыз: өт­кен жылы келеңсіз жағдай орын алды. 40 адам өз бетімен халықаралық олим­пиадаларға қатысуға барған. Олар әри­не, бұл жерде министрлік бекіткен олим­пиадалардың тізбесі бар бұйрықты қа­рамаған. Мүмкін жергілікті жерлердегі білім ұйымдары мұны назардан тыс қалдырған шығар. Кейін осындай халықаралық олимпиадаға қатысқан түлектер ҰБТ-дан босату туралы өтініш берді», - деп мәлім етті Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республика­лық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Шолпан Қирабаева.

Ол мектеп оқушыларына өз таңдауы бойынша олимпиадаларға қатысуға тыйым салынғанын еске салды.
»Кеше ғана онлайн режимінде ин­терактивті кеңес өтті, осыған орай бас­қарма басшыларының барлығын жи­надық, мектеп оқушыларына өз беті­мен түрлі олимпиадаларға қатысуына тыйым салынғаны айтылды», - деді ол.
Ш. Қирабаева олимпиаданы өз бе­тімен таңдау мен одан алған диплом ҰБТ-дан босатуға кепілдік бермейтінін айтты.

«Қазір кейбір жас түлектер белгілі бір олимпиадаға қатысуы мүмкін, же­ңімпаз атанса, оған диплом беріледі, сонымен бітті, бірақ оның ешқандай күші жоқ, өйткені біздің министрліктің тізбесінде жоқ, ал мұндай дипломы бар оқушы - грантқа да ілінбейді, оны ҰБТ-дан босатуға да еш мүмкіндік жоқ», - деді «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Шолпан Қирабаева. Қирабаеваның айтуынша, «Білім туралы» заңға сәйкес, тізбесін Білім және ғылым министрлігі белгілейтін жалпы білімдік пәндер бойынша ха­лықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының соңғы 3 жыл­дағы жеңімпаздары білім гранттарын алуға конкурсқа қатысқан кезде артық­шылық құқыққа ие болады.

«Сонымен бірге, соңғы 3 жылда ха­лықаралық олимпиадалар мен ғылы­ми жобалар конкурстарының жеңімпаз­дары, үстіміздегі жылдағы халықара­лық олимпиадаға қатысушылар да ҰБТ тапсырмайды. Балалар табельдерін, дипломдарын, сертификаттарын ар­найы республикалық комиссияға тапсы­рады, мектепте 5 пән бойынша қорытын­ды емтихандарын тапсырады, сосын ҰБТ-дан босатылады», - деді орталық бас­шысы.