Оқушылар 98 пайыз оқулықтармен қамтылған - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биылғы оқу жылының ерекшелігі жалпы білім беретін мектептердің жаңа оқу стандартына с2йкес 2 сыныпта ағылшын тілін, 6 сыныпта информатика пәнін оқыту іске асырылатын болады.
None
None

Осыған байланысты облыстағы білім ұйымдарының қажетті мамандармен, оқулық және оқу-әдістемелік кешендермен толық қамтылуы жөнінде сараптама жүргізіліп, есептері алынды, мамандар мен оқулықтар жеткілікті екендігі анықталды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов «ҚазАқпарат» тілшісіне айтып берді.

«Қайта басып шығару кестесіне сәйкес оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға 2014 жылы жалпы облыс бойынша 3, 10 сыныптарын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге 429 млн. 699 мың теңге қаржы, оның ішінде оқулыққа 413 млн. 231 мың теңге, оқулық тасымалына 16 млн. 468 мың теңге бөлінген. Қамтылу пайызы 98 пайызды құрап отыр», - дейді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар