Оқушылар арасындағы «Алғашқы көмек көрсету және өрт кезінде көшіру» жарысы аяқталды

Жарысқа Алматы қалалық аудандар арасынан жеңіп шыққан жеті команда қатысты. Олар Бостандық аудандық № 94, Медеу аудандық №33, Әуезов аудандық №97, Жетісу аудандық №03, Алмалы аудандық №79, Алатау аудандық №82, Түркісіб аудандық №59 мектеп-гимназиялар.
Оқушылар алғашқы көмек көрсету мен өрт кезінде қауіпсіз жерге шығару көріністерін көрсетті. Соңғы бір айда олармен бірге Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамы жұмыс істеп, барлық амал-тәсілдерін үйреткен.
Аталмыш жарысты DIPECHO VI жобасы аясында Халықаралық Қызыл Крест бірлестігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамы ұйымдастырылып отыр. Жоба «Орта Азиядағы апаттардың қауіптілігін төмендету арқылы қоғамдастықтардың төтенше жағдайларға ұзақ мерзімді тұрақтылығын құру» деп аталады.
Жобаның басты мақсаты - алыс-шалғай орналасқан апатты аймақ тұрғындарына барынша көмек көрсету. Оларға қолдан келетін көмектер мен алғашқы құтқару жұмыстарын үйрету болап табылады.
Қазақстан Республикасы жер сілкінісі, су тасқыны, көшкін және сел сияқты табиғат опаттары орын алатын ел болғандықтан Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамы 2007 жылдан бері еуропалық әріптестердің қолдауымен елімізде әр түрлі алдын алу шараларын өткізіп келеді.
Жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың бәрі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігімен, Білім ұйымдарымен, сондай-ақ, аймақтық басқару орындарымен келісіліп, бірге атқарылады.
Жарыс соңында 1-орынды Алмалы аудандық № 79-гимназиясы жеңіп алды. Ал, 2-орын Медеу аудандық № 33 мектепке берілді. Сондай-ақ, 3-орынды №97 мектеп қанағат тұтты.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды. Ал, қатысушыларға Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамының күнқағарлары мен футболкалары берілді.