Оқушылар нашақорлыққа қарсылық ниеттерін жарыспен білдірді

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда қаласындағы «АрайСанрайс» оқушылар тынығу лагерінде «Нашақорлыққа жол жоқ» деген ұранмен футболдан турнир болып өтті.
None
None

Жергілікті «ПетроҚазақстан ҚұмкөлРесорсиз» акционерлік қоғамының жүлдесі үшін осымен он үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған бұл доп додасында Қызылорда қаласының командасы бірінші орынды жеңіп алса, қалған екі жүлделі орын Қармақшы және Қазалы аудандарынан келген құрамалардың еншілеріне бұйырды. Жарыс соңынан жүлделі орындар алған жасақтар мен жекелеген үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар