Оқушылардың мектепке қандай формамен баратынын ата-ана өзі шешеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқушылардың мектепке қандай формамен баратынын ата-аналар өзі шешетін болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқушылардың мектепке қандай формамен баратынын ата-ана өзі шешеді

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жалпы формаға қойылатын талаптар жойылмайды, бірақ уақытша өзгерістер енгізілді.

«Соған байланысты биыл ата-аналар баланы мектеп формасында немесе басқа да ыңғайлы киіммен жіберу туралы шешімді өзі қабылдайды»,-делінген хабарламада.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, қазіргі таңда республика мектептерінде педагогикалық кеңестер өтіп жатыр. Онда биылғы оқу жылының ұйымдастырылуына байланысты өзекті мәселелер талқыланып жатыр.