«Оқжетпес» пен «Шахтер» тең нәтижеге қанағат білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 7-турында тағы бір ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқжетпес» пен «Шахтер» тең нәтижеге қанағат білдірді

Екінші ойын күнінің алғашқы кездесуінде Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Қарағандының «Шахтері» шеберлік байқасты.

Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасына жиі шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде де футболшылар гол соғатын мүмкіндік іздеді. Олардың тепкен добы көздеген нысанаға дәл жетпей жатты. Ойынның 92-минутында «Оқжетпес» ойыншысы Иван Брикнер мергендік танытса, оған 99-минутта «Шахтер» сапынан Роджер Каньяс пенальтиден бір голмен жауап қайырды.

Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Енді 16:00-де «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе», 18:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент), 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.

Еске салсақ, 22 сәуірде «Мақтарал» өз алаңында «Жетісудан» жеңіліп қалса , «Қызылжар» мен «Каспий» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Ал сегізінші тур ойындары 6 және 7 мамыр күндеріне белгіленген.