«Олимп» букмекерлік кеңсесінің бұрынғы басшысына іздеу салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей ішкі істер министрлігі кәсіпкер Дмитрий Давыдовке іздеу салды. Interfax.ru сайтының жазуынша, 16 желтоқсанда Әділет министрлігі оны шетел агенті ретінде таныған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің бұрынғы басшысына іздеу салынды

Давыдовтың дерегі бар карточка 26 желтоқсанда министрліктің іздеу базасында пайда болған. Онда кәсіпкердің қай бап бойынша ізделіп жатқаны көрсетілмеген.

Давыдов 1981 жылы Қазақ КСР-да дүниеге келген.

БАҚ мәліметінше, Давыдов «Олимп» букмекерлік фирмасының тең иесі болған. Ол істің фигуранттары заңсыз әрекетпен айналысқан. Бұдан бөлек, кәсіпкер «Ресейді дамытудың 20 идеясы» авторлық жобасын жасады деген күдікке ілінген.