21:43, 05 Тамыз 2012 | GMT +5
Олимпиада-2012: М.Вольнова 1/8 финалда британдық боксшымен жұдырықтасады
АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарында 75 келі салмақ санатында Қазақ елінің намысын қорғайтын Марина Вольнованың 1/8 финалдағы қарсыласы белгілі болды.

Ол - британдық Саванна Маршал.
Естеріңізге сала кетейік, Марина 1/16 финалда кениялық Элизабет Андиегоны айқын басымдықпен ұтып, келесі айналымға жолдама алған болатын.
1989 жылы шілдеде Қызылорда қаласының Қазалы қаласында дүниеге келген Марина бокспен 6 жасынан бастап айналысады. Осы уақытқа дейін зор жетістіктерге де жетті. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Бокстан еліміздің төрт дүркін чемпионы, 2010 жылы Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.