Олимпиада-2020: Татьяна Ахметова жүлдеге таласа алмайды

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында әйелдер күресінен қазақстандық Татьяна Ахметова (53 келі) белдесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада-2020: Татьяна Ахметова жүлдеге таласа алмайды

Қазақстандық спортшы польшалық Роксана Марта Засинамен шеберлік байқасты. Тартысты бәсекеде жеңіс 3:2 есебімен польшалық балуанға бұйырды.

Одан кейін поляк спортшысы жапониялық Маю Мукаидодан 2:12 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Салдарынан Татьяна жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігінен айырылды.

Жарыс ережесі бойынша алғашқы белдесуде жеңілген балуанның қарсыласы финалға шыққан жағдайда ол жұбаныш белдесуіне қатыса алатын еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын еркін күрестен Юсуп Батырмурзаев Олимпиада ойындарында жеңіліп қалды.