Олимпиада-2020: Теннисші Елена Рыбакинаға ынталандыру сыйақысы беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы, Токио Олимпиадасының қатысушысы Елена Рыбакинаға ынталандыру сыйақысы беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Әрине, ынталандыру болады. Қазірдің өзінде келіссөздер жүріп жатыр. Атап айтқанда, Beeline, Forte Bank компаниялары секілді демеушілер қызығушылық танытуда. Келіссөз жүріп жатыр. Шашамен 70 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындап, спортшының одан әрі жарыстарға қатысуына қолдау білдіргелі жатыр», - деді ҚР Теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, спикер теннисшімен қатар, оның жаттықтырушысымен де қосымша жұмыстың қолға алынатынын айтты.

«Елена - жас теннисші және оның болашағы зор. Біз спортшының одан әрі дами түсуі жолында қолда бар қолдауды көрсетеміз. Оның үстіне Токио - теннисшінің алғашқы Олимпиадасы. Жалпы, шыныққан, жүлде алатын дайын спортшы деуге болады. Токио Олимпиадасы оның өзіне деген сенімін арттыра түсті. Алда оны АҚШ-та өтетін теннис турнирі күтіп тұр. Еленаны қолдаймыз және оған үлкен сенім артамыз», - дейді ол.

Айта кетсек, Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалда украиналық теннисші Элена Свитолинаға есе жіберіп алды.

Бұған дейін ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Токио Олимпиадасында ел намысын қорғаған қазақстандық теннисшілердің өнеріне бағасын берген болатын.


Соңғы жаңалықтар