Олимпиада-2022 өткізуге Алматыдан өзге төрт қала өтініш білдірген

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығына Алматыдан өзге тағы төрт қала таласпақшы, деп жазады vesti.kz Халықаралық Олимпиада комитетінің мәліметтеріне сүйеніп.
None
None

Айтулы доданы өткізуге Алматыдан өзге Польшаның Краков, Норвегияның Осло, Украинаның Львов және Қытайдың Бейжің қалалары өтініш білдірген.

Бұл бес қала осы бәсекелестікке қатысу үшін қажетті құжаттарды уақытында жіберген. Ол құжаттарда қаланың Олимпиаданы өткізуінің жалпы жағдайлары, оның тұжырымдамасы, өтініштің бастапқы техникалық талдамы үшін қажетті негіздер көрсетілген.

Арнайы комиссия мүшелері өтініштерді ағымдағы жылдың 7-9 шілде күндері қарастырып, 2022 жылғы қысқы ойындарды өткізуге үміткер ретінде қандай қалалардың бекітілетінін ресми түрде жариялайды.

Ал, түпкілікті шешім, яғни Олимпиада-2022 нақты қай қаланың өткізетіні туралы мәлімет 2015 жылы 31 шілдеде Куала-Лумпрде белгілі болмақ.

Соңғы жаңалықтар