Олимпиада-2026: Елизавета Голубева финалда өнер көрсетті
МИЛАН. KAZINFORM – Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы конькимен жүгіруден иасс-старт жарысы мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы сапында Елизавета Голубева финалдық кезеңде жарыс жолына шығып, 16-орыннан көрінді.
Бұл сында қарсыластарынан оқ бойы озық болған Марейке Груневауд (Нидерланд) топ жарды. Ал канадалық спортшы Ивани Блонден екінші орынға ие болса, Пак Чжи Ву (Оңтүстік Корея) үздік үштікті түйіндеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін отандасымыз іріктеу кезеңінде 8 минут 44.66 секунд уақыт көрсеткішімен мәре сызығын жетінші болып кесіп, финалға жолдама алған болатын.
Сонымен қатар Елизавета Голубева әйелдер арасында 1 500 метрге конькимен жүгіруде 7-орын алғанын хабарлағанбыз.