Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар спринт жарысын аяқтады

МИЛАН. KAZINFORM – Қазақстандық шаңғышылар Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарындағы классикалық спринт бағыдарламасында жарыс жолын аяқтады.

Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар спринт жарысын аяқтады
Фото: Тұрар Қазанғапов

Іріктеу жарысында ұлттық құрама спортшылары Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков бақ сынады.

Қортындысында Дарья Ряжко мәре сызығын 55-шы болып кесті.

Ал Анна Мельник 58-орын, Надежда Степашкина 63-орын, Ксения Шалыгина 72-орыннан көрінді.

Ерлер арасында Виталий Пухкало және Әмірғали Мұратбеков 75-76-шы оырнды қанағат тұтты.

Тағы бір ортандасымыз Наиль Башмаков 85-орынға жәйғасты.

Айта кетейік, классикалық спринт жарысында алдыңғы 30 спортшы финалдық кезеңге жолдама алады.

Бүгін Миланда қазақстандық шорт-трекшілер жарыс жолына шығады.

Соңғы жаңалықтар